date

Мессиден асып түскен өзбекстандық: қызықты ұқсастықтар ашылды

Мессиден асып түскен өзбекстандық: қызықты ұқсастықтар ашылды
Фото: видеодан кадр

Өзбекстан халық әртісі Женисбек Пиязовтың жұбайы Хурлиман Тилеумуратова «Омон-Омон» бағдарламасында неге Лионель Мессиді жақсы көретінін қызықты түрде түсіндіріп берді.

«Жолдасым да, мен де Мессидің жанкүйеріміз. Мұның себебі, мен Мессимен бір күнде туғанмын. Оның үстіне, отбасыларымыздың арасында да ұқсастықтар көп. Мысалы, олардың да қатарынан 3 ұлы бар. Біздің балаларымыз да бірінен соң бірі дүниеге келді. Тіпті Мессидің балаларының жасы мен біздің үлкен балаларымыздың жасы дерлік бірдей», — дейді ол.

Ол сұхбат барысында әзілдеп былай деп қосты:

«Бірақ бізде төртінші ұл дүниеге келді, ал олар әлі оған үлгермеді», — деді ол күліп.

Бұл шынайы әрі күлкілі салыстыру әлеуметтік желілерде де қызығушылық тудыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Мессиден асып түскен өзбекстандық: қызықты ұқсастықтар ашылды