date

Улугбек Қадировқа «Достық» ордені тапсырылды: актер толқынысын жасырмады

Улугбек Қадировқа «Достық» ордені тапсырылды: актер толқынысын жасырмады

Актер Улугбек Қадиров Instagram парақшасы арқылы қуанышты жаңалығымен жанкүйерлерімен бөлісті. Пост астында актер:

«26 жылдық еңбегіміз бағаланып, «Достық» орденімен марапатталдық. Бұл марапат — тек біздің ғана емес, әрдайым қасымызда болған, қолдау көрсеткен қымбатты достарымыз бен жанкүйерлеріміздің де жетістігі.

Сенімдеріңіз, махаббаттарыңыз бен қолдауларыңыз бізге күш берді. Сондықтан бұл орден — бәріміздікі.

Жылдар бойы бізбен бірге болған, қуанышты күнімізде де, қиын сәттерімізде де қолдау көрсеткен әрбір жанға шын жүректен алғыс айтамыз. Алда әлі де үлкен белестер бар», — деп жазды.

«Жақсы хабарды естіп, көзіме жас келді», — деген Улугбек Қадиров берген сұхбатында «Достық» ордені үшін президентке алғысын білдірді.

]
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Улугбек Қадировқа «Достық» ордені тапсырылды: актер толқынысын жасырмады