date

FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды: “TRIONDA”

FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды: “TRIONDA”

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды.

Доптың дизайнында қожайын елдерді бейнелейтін үш түс — қызыл, көк және жасыл қолданылған. Жаңа доптың атауы — “TRIONDA”.

ӘЧ-2026 тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысатын турнир болмақ. Олар 12 топқа бөлінеді, әр топтан екі үздік команда және үшінші орынды иеленген ең мықты сегіз құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады. Сонымен қатар, бұл чемпионатта алғаш рет жаңа кезең — 1/16 финал енгізіледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды: “TRIONDA”