Мохамед Салах соңғы кезде жоғары спорттық формасын көрсете алмай жүр және сын көбейді. Осы себепті, «Ливерпуль» Салахты жазда немесе тіпті қыста сатуы мүмкін деген сөздер тарады.
Euro-football.ru мәліметіне сәйкес, «Ливерпуль» Салахты трансферге шығаруды жоспарлап отырған жоқ. Клуб басшылығы футболшыны қыста да, жазғы трансфер терезесінде де ұстап қалғысы келеді.
Клуб Салахқа өз болашағын дербес шешуіне мүмкіндік беруде, өйткені ол командада маңызды орынға ие. Сондықтан, Салах тек өзі қаласа ғана клубтан кете алады.
Мохамед Салах 33 жаста. Оның «Ливерпульмен» қолданыстағы келісімі 2026/2027 жылғы маусым соңына дейін жарамды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар