date

37 жастағы әлем чемпионы футболға қайта оралды

37 жастағы әлем чемпионы футболға қайта оралды

Аргентина құрамасының бұрынғы мүшесі Папу Гомес үлкен футболға қайта оралады. Оның жаңа командасы Италияның B Серия клубы - "Падова" болады. Мәліметтерге қарағанда, 37 жастағы жартылай қорғаушы командамен келісімшарт жасасқан.

Кезінде "Аталанта" командасының жұлдызы саналған Гомес допинг ережесін бұзғаны үшін футболдан белгілі бір мерзімге шеттетілген еді. Ол 2023 жылдың қарашасынан бері ресми кездесулерге қатысқан жоқ.

Еске салайық, Папу Гомес 2022 жылы Аргентина құрамасымен әлем чемпионатын жеңген. Ол сондай-ақ Америка кубогын жеңіп алды және "Севилья" сапында Еуропа лигасының чемпионы атанды.

Енді ол алаңға қайта оралып, өз тәжірибесімен жаңа командасына пайдасын тигізуді мақсат еткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » 37 жастағы әлем чемпионы футболға қайта оралды