date

Аллегри: "Бергамода әрқашан ойнау қиын"

Аллегри: "Бергамода әрдайым ойнау қиын"
Милан бас бапкері Массимиано Аллегри Аталантамен болатын ойын алдындағы баспасөз мәслихатында қатысты. А Серияның тоғызыншы тур кездесуi 28-қазан күні кешке өтеді.

"Біз құрама ойындары үшін үзіліске ең жақсы қалыпта жетуді қалаймыз. Желтоқсан айын чемпионат кестесінде жақсы орында аяқтауға тырысамыз.

Бұған дейін біз керемет ойын көрсетпедік, бірақ қазір де әлсіз емеспіз. Айтып қана қоймай, іс жүзінде дәлелдеу керек", — деді Аллегри команданың ресми сайтына берген сұхбатында.

"Аталантаның физикалық және техникалық мүмкіндіктері бірдей жоғары. Бергамода ойнау әрдайым қиынға соғады.

Біз топ-4 үшін күресіп жатқан командаға қарсы ойнаймыз", — деп атап өтті Аллегри. 8 турдан кейін Милан 17 ұпай жинап, А Серия турнир кестесінің үшінші орнында тұр.

Ал Аталантаның қоржынында 12 ұпай бар, олар жетінші орынды иеленіп тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Аллегри: "Бергамода әрқашан ойнау қиын"