
Челси командасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда Әзербайжанға сапар шегіп, Қарабақ командасына қарсы алаңға шықты. Екі команда да өз есебінде алты ұпайдан иеленіп, бұл ойын үлкен маңызға ие болды.
Ойын 16-минутта Челсидің пайдасына басталды. Эстевано Андре Сантосдан пас алып, допты жақын бұрышқа дәл бағыттады (0:1).
Алайда Қарабақ өз алаңында мықты қарсыластан қаймықпай ойнап, көп ұзамай жауап қайтарды. 29-минутта Андраденің соққысы есепті теңестірді (1:1).
Одан кейін Қарабақ пенальтиден пайда көріп, Янович есепті 2:1-ге жеткізді. Екінші таймда Челси ойынды бақылауға алуға тырысты.
Гарначо алаңға алмастырылып шығып, ойынның 53-минутында есепті теңестірді (2:2). Қалған минуттарда екі команда да жеңіске жету үшін мүмкіндік жасады, бірақ есеп өзгермеді.
Бұл тең нәтиже екі командаға да бір ұпайдан алып келді. Енді екеуі де жеті ұпаймен турнир кестесінде тең тұр.
Келесі турда Қарабақ Наполимен, Челси болса Барселонамен күш сынасады.
Гарначо құтқарды: Челси Қарабақпен тең ойнады
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар