date

FIFA жылдың ең әдемі голына үміткерлерді жариялады

FIFA жылдың ең әдемі голына үміткерлерді жариялады
FIFA 2025 жылы табысталатын «Пушкаш» сыйлығына ұсынылған футболшылардың тізімін жариялады. Бұл марапат жыл бойы соғылған ең әдемі голдың авторына беріледі және «The Best FIFA Football Awards» салтанатының ең қызықты номинацияларының бірі саналады.

Үміткерлер қатарында әртүрлі елдердің клубтарында ойнап жүрген 11 футболшы бар. Олардың арасында Алеррандро (Vitória – Cruzeiro), Деёла (Cagliari – Venezia), Де Ла Вега (Cruz Azul – Seattle Sounders), Монтиэль (Independiente – Independiente Rivadavia) және Нассер (Al Ahly – Pharco) бар.

Сонымен қатар, Оррантия (Querétaro – Atlas), Рибейро (Mamelodi Sundowns – Borussia Dortmund), Райс (Arsenal – Real Madrid), Ридхо (Persija Jakarta – Arema), Родригес (Kasımpaşa – Rizespor) және Ямал (Espanyol – Barcelona) да жылдың ең әдемі голы үшін бақ сынайды.

FIFA «Пушкаш» сыйлығын 2009 жылдан бері ең әсерлі гол соққан ойыншыға табыстап келеді. Жеңімпаз футбол жанкүйерлері мен сарапшылардың дауысы арқылы анықталады. Осылайша, биыл да жанкүйерлер өз сүйікті ойыншысының керемет соққысын қолдау мүмкіндігіне ие болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » FIFA жылдың ең әдемі голына үміткерлерді жариялады