
Мадридтің "Реал" клубы "Ливерпуль" қорғаушысы Ибраима Қонатэны өз құрамына қосуды жоспарлап отырмағанын мәлімдеді. Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады.
Дереккөзге сүйенсек, "хандық клуб" қазіргі уақытта француз футболшысын сатып алуға қызығушылық танытпайтынын білдірген. 26 жастағы орталық қорғаушы ағымдағы Англия Премьер-лигасы маусымында 12 матчта алаңға шығып, екі сары қағаз алған.
Қонатэ 2021 жылғы жаздан бері "Ливерпуль" намысын қорғап келеді. Оның клубпен қолданыстағы келісімшарты 2026 жылдың маусым айына дейін жасалған.
Футболшының трансфер құны 55 миллион еуроға бағалануда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.