date

Ламин Ямал Мессиден не үйренгенін айтты

Ламин Ямал Мессиден нені үйренгенін айтты
“Барселона” футболшысы Ламин Ямал Лионель Мессиден нені үйренгені туралы айтты. Қазіргі таңда 38 жастағы аргентиналық футболшы “Интер Майами” клубы сапында ойнап жүр, алайда ол 2021 жылға дейін “көк-анарлы” команда құрамасында өнер көрсеткен.

Ламин Ямал “Барселона” құрамында алғаш рет 2023 жылы алаңға шыққан еді. “Бұл біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ балалық шағымда мен дриблинг шебері болған жоқпын — керісінше, шабуылшы едім және көп жүгіретінмін.

Мен Мессидің пас беру тәсілін үйрендім. Басқа да көптеген футболшылар жақсы пас беретін, бірақ Леоның пастарының көпшілігі дерлік голға әкелетін.

Менің ойымша, пас беру дриблингтен қызықтырақ, себебі бұл ойының интеллектуалдық жағын көрсетеді,” – дейді 18 жастағы каталон клубының жұлдызы, оның сөзін “Barca Universal” басылымы жеткізген.

Осы маусымда Ламин Ямал 14 ойында алаңға шығып, 7 гол салып, 9 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ламин Ямал Мессиден не үйренгенін айтты