
Энцо Фернандес Аргентина ұлттық құрамасының капитаны болуға дайын екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта "альбиселесте" капитанының таңғышын Лионель Месси тағып жүр.
«Әрине, мен Аргентина құрамасының капитаны болуды армандаймын, бірақ бұл шешімді мен емес, жаттықтырушылар штабы қабылдайды. Бұл қашан болатынын білмеймін.
Уақыт көрсетеді, шешім жаттықтырушылар штабына байланысты. Әрине, бұл менің армандарымның бірі.
Құраманың капитаны болу мен үшін үлкен құрмет», - деді Фернандес Give Me Sport басылымына берген сұхбатында. Аргентина ұлттық құрамасы келесі жазда Әлем чемпионаты кубогын қорғауға кіріседі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен әлем чемпионатында Энцо Фернандес турнирдің ең үздік жас футболшысы атағына ие болған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.