Душан Влахович 5 айға ойыннан тыс қалуы мүмкін

Душан Влахович 5 айға ойыннан тыс қалуы мүмкін

Душан Влахович 5 айға саптан шығуы мүмкін
«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович А сериясының 13-турында «Кальяриға» қарсы ойында алған жарақатына байланысты ұзақ уақытқа саптан шығуы мүмкін. Аталған матчта туриндік команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сербиялық футболшы бірінші таймда-ақ сол аяғында қатты ауырсыну сезінгендіктен алаңды тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгін клуб тарапынан жарияланған медициналық қорытындыға сәйкес, Влаховичтің ұзын қосқұшты бұлшық еттерінің сіңір-жапсар аймағында ауыр жарақат анықталды.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, мұндай жарақаттардан сауығу үш айдан бес айға дейін созылуы мүмкін. Нақты мерзімдер қосымша медициналық тексерулерден кейін белгілі болады.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар