Деку: Рэшфорд Барселонада бақытты

«Барселона» спорт директоры Деку команда шабуылшысы Маркус Рэшфорд туралы өз пікірлерін білдірді. «Рэшфорд Барселонада бақытты.
Маркус фантастикалық футболшы. Ол «Манчестер Юнайтедтегі» ұрпақтар алмасуы салдарынан қиындықтарға тап болды.
Бұл оған оңай болмады. Маңызды ойыншы болған кезде, үлкен жауапкершілікті сезінесің», – деді Деку Times Sport басылымына.
Жазғы трансфер маусымында «Барселона» Рэшфордты маусымның соңына дейін «Манчестер Юнайтедтен» жалға алған, сондай-ақ оны 30 миллион еуроға сатып алу құқығын алған еді. Каталондықтар қатарында ол барлық турнирлерде 18 кездесуде ойнап, 6 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз