Дани Олмо 3 апта ойнамайды

Дани Олмо 3 апта ойнамайды
Барселонаның шабуылшы жартылай қорғаушысы Дани Олмо Мадридтің Атлетико командасына қарсы ойында жарақат алды. Ойын Барселонаның пайдасына 3:1 есебімен аяқталса да, 65-минутта екінші голды соққан Олмо дереу алаңнан кетті.

Кейіннен футболшының иығы шыққаны анықталды. Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметіне сәйкес, Олмо үш апта бойы алаңға шыға алмайды.

Барселона командасы 6 желтоқсанда Бетиске қарсы ойнайды, сондай-ақ, 9 желтоқсанда Айнтрахт Франкфуртпен, 13 желтоқсанда Осасунамен және 21 желтоқсанда Вильярреалмен күш сынасады. Биылғы маусымда Дани Олмо 17 ойында алаңға шығып, төрт гол соғып, екі мәрте нәтижелі пас берген.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар