date

Яя Туре: ПСЖ-ға ауысуыма кедергі жасалды


Кот-д’Ивуар ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Яя Туре өз мансабынан естеліктерімен бөлісті. Ол әсіресе Франция чемпионатымен байланысты оқиғаларды атап өтті.

2004 жылы Бельгияның "Беверен" клубында үш тамаша маусым өткізгеннен кейін Туреге "Пари Сен-Жермен" қызығушылық танытқан. Футболшының айтуынша, ПСЖ трансфер төлемін екі бөлікке бөліп төлеуді ұсынған, ал украиналық "Металлург" төлемді бірден жабуға дайын болған.

"Маған жақын адамдар менің қалауымды құрметтемеді... ПСЖ-ға ауысу мүмкіндігінен айырды.

Бұл мен үшін өте ауыр болды", – деді Туре GFFN-ге берген сұхбатында. Дегенмен, бірнеше жылдан кейін Туре Лига 1-ге қайта оралып, "Монакомен" келісімшартқа отырған болатын.

Оның айтуынша, дәл осы клубта өз шеберлігін арттыруға және ешқандай қысымсыз жұмыс істеуге мүмкіндік алған. "Монакода жанкүйерлер жоқтың қасы, сондықтан қысым да болмайды – стадион көбіне бос тұрады", – деді Туре.

"Монакода" бір маусым ойнағаннан кейін Яя Туре "Барселона" командасына қосылды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Яя Туре: ПСЖ-ға ауысуыма кедергі жасалды