date

Real Тренттің жарақаты туралы мәлімдеме жасады


Реал Мадрид клубы өз ресми сайтында қорғаушы Трент Александер-Арнолдтың жарақатына байланысты мәлімдеме жариялады. Футболшы Испания чемпионаты аясында «Атлетик» клубына қарсы ойында алмастырылды.

Осы матчта «Патшалық клуб» қонақта 3:0 есебімен жеңіске жетті. Медициналық тексеріс нәтижесінде Тренттің сол аяғының квадрицепс бұлшық етінде жарақат анықталғаны хабарланды.

«Патшалық клуб» 27 жастағы футболшының алаңға қашан оралатыны туралы ақпарат берген жоқ. Айта кету керек, Трент Александер-Арнолд жуырда ғана Реалдың жарақат алған ойыншылар қатарында бір айға жуық уақыт өткізген болатын.

Ағылшын футболшысы жаз мезгілінде Мадрид клубына қосылған еді. «Патшалық клуб» құрамында жалпы 16 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта Реал Ла Лига турнирлік кестесінде екінші орынды иеленіп тұр.

Бірінші орындағы Барселонаның олардан бір ұпайға артық көрсеткіші бар.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Real Тренттің жарақаты туралы мәлімдеме жасады