date

Кавазашвили Бразилия мен Испанияны мақтады


Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрамасы мен Мәскеудің "Спартак" клубының бұрынғы футболшысы Анзор Кавазашвили 2026 жылғы Әлем чемпионатының фаворитін атады. "Мен бала кезімнен Бразилияға жанкүйермін.

Сонымен қатар мен Испания құрамасын чемпиондар немесе жүлдегерлер қатарынан көргім келеді. Соңғы жылдары Францияның ойындары маған ұнады, бірақ өткен Әлем чемпионатынан кейін біраз көңілім қалды.

Бразилия футболында жыл сайын лайықты көшбасшылар қалыптасып келеді — бұл 100 пайыз. Сондықтан мен Бразилияны фаворит ретінде санаймын", — деді Кавазашвили "Матч ТВ" телеарнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Бразилия құрамасы Катар-2022 Әлем чемпионатының ширек финалында Хорватия құрамасынан жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын. Ресей-2018 Әлем чемпионатында да "пентакампеондар" ширек финал кезеңінен өте алмады.

Бразилия құрамасы соңғы рет 2002 жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Кавазашвили Бразилия мен Испанияны мақтады