date

Луис де ла Фуэнте: Ламин Ямаль ештеңені тегін алмайды

Луис де ла Фуэнте: Ламин Ямаль ештеңені тегін алмайды

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте «Барселона» жұлдызы Ламин Ямальның жаттығудағы еңбекқорлығын жоғары бағалады. 18 жасар вингер 2026 жылғы Әлем чемпионатына дайындық мақсатында күніне үш сағаттан астам уақытын жаттығуға арнап жүр. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Де ла Фуэнте Ямальның жетістігі тек табиғи талантқа ғана байланысты емес екенін атап өтті. Футболшы спорт залында физиотерапевт, нутрициолог және психологтың бақылауымен қатаң жұмыс істеуде. Бапкер мұны «көрінбейтін жаттығу» деп атап, ойыншының кәсіби көзқарасын ерекше атап өтті.

Сәуір айының соңында бұлшықетінен жарақат алған Ямаль қазіргі уақытта «Барселона» базасында алаңға оралу үшін жұмыс істеп жатыр. Испания құрамасының штабы футболшының қалпына келу процесін мұқият бақылауда.

Бапкер Дани Ольмоның Евро-2024-тегі тәжірибесіне сүйене отырып, Ямальды Әлем чемпионатында сақтықпен алаңға шығару жоспарын да жоққа шығармады. Мақсат — вингердің турнирдің шешуші кезеңдерінде 100 пайыз дайын болуын қамтамасыз ету.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Луис де ла Фуэнте: Ламин Ямаль ештеңені тегін алмайды