Ланс пен Лилль Лигада кезекті жеңістерге қол жеткізді

Ланс пен Лилль Лигада кезекті жеңістерге қол жеткізді
Франция Лигасының 16-турындағы бірнеше кездесулер өз мәресіне жетті. "Ланс" өз алаңында "Ниццаны" 2:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде қайта жоғары орындарға көтерілді.

Иелерінің қатарында Одсон Эдуард дубль жасады: ол 15-ші және 57-ші минуттарда қарсылас қақпасына гол соқты. Ал "Страсбург" пен "Лорьян" арасындағы ойын голсыз тең аяқталды — 0:0.

Турдың ең көп гол соғылған кездесулерінің бірі Осерде өтті. "Осер" мен "Лилль" матчында қонақ команда 4:3 есебімен жеңіске жетті.

"Лилль" ойын соңында шешуші гол салып, үш ұпайды қанжығасына байлады. Бұл кездесуде төреші барлығы төрт қызыл карточка көрсетті.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар