date

Марк Сире: Сайлауда жеңсем, Мессиді Барселонаға қайтарамын

Лионель Месси Бaрселонагa қайта оралуы
Лионель Месси тағы да "Барселона" клубына қайта оралуы мүмкін. Каталония клубы президенттігіне үміткер Марк Сире сайлауда жеңіске жетсе, аргентиналық жұлдызды "көк гранаталықтар" сапына қайтару үшін бар мүмкіндігін пайдаланатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Goal порталы хабарлады. "Бізге Лео Месси қажет және оны қайтару үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз", – деді Сире.

Сонымен қатар, ол Мессидің клубтағы ықтимал рөлі жайында нақты мәлімет бермеді. Еске салсақ, Месси күзде "Интер Майами" клубымен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартқан.

Ол 2021 жылдың жазында "Барселонадан" кеткен болатын, себебі каталондық клуб қаржылық мәселелерге байланысты футболшымен жаңа келісімшарт жасай алмаған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Марк Сире: Сайлауда жеңсем, Мессиді Барселонаға қайтарамын