date

The Guardian рейтингінде Роналду 51-орынға ие болды


The Guardian басылымы жыл сайын әлемнің үздік 100 футболшысының рейтингін жариялайды. 2025 жылғы тізімде әзірге 41–100-орындар белгілі болды.

Оған сәйкес, "Әл-Наср" және Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 51-орынды иеленді. Бес мәрте "Алтын доп" иегерімен қатар, "Бавария" жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих 50-орында, ал "Интер" ойыншысы Хакан Чалханоғлу 52-орында тіркелген.

Рейтингте португалиялық тағы бір футболшы Бруну Фернандеш 55-орынға жайғасты. Ал "Барселона" жартылай қорғаушысы Френки де Йонг 60-орында көрсетілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » The Guardian рейтингінде Роналду 51-орынға ие болды