
Каталонияның «Барселона» клубы мен Испания құрамасының шабуылшы жартылай қорғаушысы Ламин Ямал үйінде сақталатын ең қымбат заты туралы айтты. «Үйімдегі ең қымбат зат?
Бұл Франция құрамасына қарсы ойын кезінде соққан голымның добы», — деді 18 жастағы вингер YouTube арнасында. Еске сала кетейік, Ламин Ямал Еуро-2024 жартылай финалында Франция қақпасына гол соққан.
Осы турнирде Испания құрамасы финалда Англияны 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Жалпы алғанда, Ямал «қызыл фурия» сапында 23 ойын өткізген.
Жартылай қорғаушы 6 гол соғып, 12 нәтижелі пас жасаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.