date

Кроос мансабындағы ең үздік клубты атады

Кроос мансабындағы ең үздік клубты атады

Германиялық бұрынғы жартылай қорғаушы Тони Кроос мансабы барысында ойнаған ең үздік клуб туралы сұраққа кідірместен жауап берді. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Кроос кәсіби жолын Мюнхеннің «Бавариясында» бастады: ол негізгі құрамда 2007–2014 жылдары ойнады. Одан кейін Мадридтің «Реал» клубына ауысып, Испания астанасында он жыл өнер көрсетті. Кейін футболшылық мансабын аяқтады.

«Мен ойнаған ең жақсы клуб па? Бұл өте оңай сұрақ. Әлемдегі ең алып клуб сапында он жыл алаңға шығу — мен үшін үлкен сәттілік. «Реал» бір үлкен отбасы болды, ол жылдар аса өнімді өтті. Сөзсіз, мансабымдағы ең үздік кезең», — деп Кроостың сөзін Madrid Xtra келтірді.

«Патшалық клуб» құрамында неміс футболшысы Чемпиондар лигасын алты рет жеңіп алды, ал Испания чемпионатында төрт мәрте чемпион атанды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Кроос мансабындағы ең үздік клубты атады