date

Карвахаль Суперкубокта «Атлетикоға» қарсы ойнауы мүмкін

Карвахаль Суперкубокта «Атлетикоға» қарсы ойнауы мүмкін

Мадридтің «Реал» клубының қорғаушысы Даниэль Карвахаль 8 қаңтарда өтетін Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетикоға» қарсы матчқа қатысуы мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды.хабарлайды.

The Athletic журналисі Гильермо Райдың мәліметінше, 33 жастағы футболшы әзірге жеке бағдарлама бойынша жаттығуын жалғастырып жатыр. Ол тізе жарақатынан қалпына келуде және Суперкубок ойынына дайын болу үшін бар күшін салуда.

Сондай-ақ жарақат алған қорғаушылар Эдер Милитао мен Трент Александр-Арнольдтың қатарға қашан қосылатыны әлі де белгісіз.

Карвахаль 2013 жылдан бері «Реал» сапында ойнап келеді. Оның «корольдік клубпен» келісімшарты 2026 жылғы 30 маусымға дейін жарамды. Ағымдағы маусымда қорғаушы мадридтіктер құрамында 9 матч өткізді, бірақ әзірге гол да, ассист те тіркеген жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Карвахаль Суперкубокта «Атлетикоға» қарсы ойнауы мүмкін