date

«Ницца» қыста бас бапкерінен айырылады

«Ницца» қыста бас бапкерінен айырылады

Франк Эз «Ницца» басшылығымен келісімге келіп, команданың бас бапкері қызметінен кетуге шешім қабылдады. Маман клубтан қыс мезгілінде-ақ кетеді. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Бұған команданың Франция чемпионатындағы да, Еуропа лигасындағы да қанағаттанарлықсыз нәтижелері себеп болғаны айтылады.

L’Equipe мәліметінше, «Ниццаның» жаңа бапкері ретінде Клод Пюэль тағайындалады. Ол бұған дейін де 2012–2016 жылдары клубты басқарған.

16 турдан кейін «Ницца» 17 ұпаймен Лига 1 кестесінде 17-орында келеді. Еуропа лигасында болса, алты турдан кейін де команда қоржынында бірде-бір ұпай жоқ.

Сондай-ақ жеңілістердің бірінен кейін «Ницца» жанкүйерлері футболшылар мінген автобусқа шабуыл жасағаны да атап өтілді. Оқиғадан кейін кейбір ойыншылар клубтан кету туралы шешім қабылдаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Ницца» қыста бас бапкерінен айырылады