date

«Барселона» қорғаушысы Форт ота жасатты

«Барселона» қорғаушысы Форт ота жасатты

«Барселона» клубының оң қаптал қорғаушысы Эктор Форт «Эльче» сапында жалға ойнап жүрген кезде жарақат алды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады.хабарлайды.

19 жастағы футболшы өткен турда «Райо Вальеканоға» қарсы матчтың 6-минутында гол соғып үлгерді, алайда 12-минутта иығы шығып кетуіне байланысты ойынды жалғастыра алмады. Sport дерегіне сүйенсек, Фортқа ота жасалды және қалпына келу үдерісі бірнеше аптаға созылады деп күтілуде.

Форт «Эльче» құрамындағы 12 ойында 2 гол және 2 нәтижелі пас тіркеді. Мәліметтерге қарағанда, «Барселона» басшылығы ойыншының жалға берілген кездегі ойынына риза және келесі маусымда ол Ханс-Дитер Флик командасында орын үшін еркін күресе алады деп есептейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» қорғаушысы Форт ота жасатты