Тибо Куртуа желтоқсанда «Реалдың» ең үздік ойыншысы атанды

Мадридтің «Реал» клубы желтоқсан айының қорытындысы бойынша команданың ең үздік футболшысын анықтады. Жанкүйерлер таңдауы бойынша бұл жүлде бельгиялық қақпашы Тибо Куртуаға бұйырды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады.хабарлайды.
Жанкүйерлер дауыс беруінде 33 жастағы қақпашы Джуд Беллингем, Антонио Рюдигер, Орельен Тчуамени және Родригодан озып шықты.
Ағымдағы маусымда Куртуа «Реал» сапында 23 матчқа қатысып, соның 10-ында қақпасын голдан аман сақтады.
Ла Лиганың 18-туры аяқталғаннан кейін «Реал» 42 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді. Мадридтіктер 4 қаңтарда «Бетиске» қарсы ойнайды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз