date

Браһим Диас «Реалмен» келісімшартын ұзақ мерзімге ұзартты

Браһим Диас «Реалмен» келісімшартын ұзақ мерзімге ұзартты

Мадридтің «Реал» клубының шабуылға бейім жартылай қорғаушысы Браһим Диас командамен жаңа келісімге жақын. Cadena SER мәліметінше, марокколық футболшымен жасалатын жаңа келісімшарт 2030 жылдың ортасына дейін есептелген. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарбереді.

Келісім әзірге ресми түрде жарияланған жоқ, алайда тараптар барлық шарттарды толық келіскен. Жаңа келісімшарт Диастың жалақысын да арттыруы күтіледі.

Қазіргі таңда Браһим Диастың «Реалмен» қолданыстағы келісімшарты 2027 жылға дейін күшінде. Осы маусымда 26 жастағы футболшы «корольдік клуб» сапында барлық турнирлерде 18 матчқа қатысып, 1 гол және 2 нәтижелі пас тіркеді.

«Реалдың» келесі ойыны 4 қаңтар, жексенбі күні «Бетиске» қарсы өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Браһим Диас «Реалмен» келісімшартын ұзақ мерзімге ұзартты