date

Ираола Семеньо трансфері бойынша әзірге келісім жоқ екенін айтты

Ираола Семеньо трансфері бойынша әзірге келісім жоқ екенін айтты

«Борнмуттың» бас бапкері Андони Ираола вингер Антуан Семеньоның болашағына қатысты кезекті сұраққа жауап берді. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

25 жастағы футболшының «Манчестер Сити» клубына ауысуға өте жақын екені айтылуда, алайда «шиешілердің» бапкері мәміле әлі аяқталмағанын атап өтті.

«Әлі ештеңе қол қойылған жоқ. Келіссөздер жүріп жатыр, дүрлігуді түсінемін, бірақ Антуан әзірге біздің ойыншымыз. Меніңше, ол алдағы екі үй матчында — «Арсенал» және «Тоттенхэмге» қарсы ойындарда — алаңға шығуы мүмкін, біз соған үміттенеміз. Семеньо — нағыз кәсіби ойыншы әрі өте жақсы жігіт. Оның командаға көмектескісі келетініне сенемін және қолдан келгеннің бәрін жасайды», — деді Ираола баспасөз мәслихатында.

«Борнмут» сенбі күні «Арсеналды» қабылдайды, ал «Тоттенхэмге» қарсы матч сәрсенбіге белгіленген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ираола Семеньо трансфері бойынша әзірге келісім жоқ екенін айтты