date

«Челси» жаңа бас бапкерін алдағы күндері жариялайды

«Челси» жаңа бас бапкерін алдағы күндері жариялайды

Лондонның «Челси» клубы жақын арада жаңа бас бапкердің тағайындалғанын ресми түрде хабарлайды. Энсо Мареска кеткеннен кейін клуб басшылығы оның орнына негізгі үміткер ретінде қазір Францияның «Страсбург» клубында жұмыс істеп жүрген ағылшын маманы Лиам Розеньорды таңдады. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Инсайдер Фабрицио Романоныӊ жаңартылған мәліметіне сәйкес, күтпеген жағдайлар болмаса, Розеньордың тағайындалуы алдағы күндері расталады. Тараптар арасындағы келіссөздерде жылдам оң ілгерілеу байқалуда.

Еске салайық, Энсо Маресканың отставкасы 1 қаңтар күні белгілі болды. Итальян маманы «Челсиді» 2024 жылдың жазынан бері басқарған. Лиам Розеньор сол уақыттан бері «Страсбургте» қызмет атқарып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Челси» жаңа бас бапкерін алдағы күндері жариялайды