date

Осимхеннің өкілдері оны «Баварияға» ұсынды

Осимхеннің өкілдері оны «Баварияға» ұсынды

Түркияның «Галатасарай» клубында доп теуіп жүрген орталық шабуылшы Виктор Осимхен мансабын әлем футболының ең ірі командаларының бірінде жалғастыруды көздейді. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.

Журналист Филипп Кесслердің мәліметінше, нигериялық форвардтың өкілдері Осимхенді Мюнхеннің «Бавария» клубына ұсынған. Футболшының өзі «Баварияны» алып клуб деп санайды және Германияда өзін сынап көргісі келеді.

Алайда неміс грандтарының спорт директоры Макс Эберль әзірге бұл нұсқаға қажеттілік жоқ екенін мәлімдеді. «Бавария» Осимхен мәселесіне тек ағылшын шабуылшысы Гарри Кейн командадан кетсе ғана қайта оралуы мүмкін.

Ағымдағы маусымда 27 жастағы Осимхен барлық турнирде 16 матч өткізіп, 12 гол соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Осимхеннің өкілдері оны «Баварияға» ұсынды