Энрике ПСЖ-де үш қақпашының да деңгейі жоғары екенін айтты

ПСЖ бас бапкері Луис Энрике команда қақпашылары арасындағы бәсеке туралы пікір білдіріп, құрамда бір мезетте үш мықты қақпашы бар екенін атап өтті. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.
Маманның айтуынша, Люка Шевалье, Матвей Сафонов және Ренато Марин әрбір жаттығу мен ойында команда мүддесі үшін 100 пайыз күшін салып, оны қуантады. Энрике олардың қиын жағдайларда да мінез көрсете алатынын ерекше атап өтті.
Ағымдағы маусымда қақпа көбіне Шевальеге сеніп тапсырылды: ол барлық турнирде 20 матчқа қатысып, 22 гол жіберіп алды. Ресейлік қақпашы Сафонов 4 ойында өнер көрсетіп, 3 гол жіберді. Ал Марин 1 матчта алаңға шығып, қақпасын құрғақ сақтап қалды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз