«Ювентус» қатарынан бес матчта жеңілмеді

Туриндік «Ювентус» ұпай жинауды жалғастырып, жеңілмейтін сериясын қатарынан бес матчқа жеткізді. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.
А сериясының 18-туры аясында команда «Леччемен» 1:1 есебімен тең ойнады. Бұған дейін «бьянконери» қатарынан төрт жеңіске жетіп, «Пиза» (2:0), «Рома» (2:1), «Болонья» (1:0) және «Пафос» (2:0) командаларын жеңген еді.
Жаңа бас бапкердің қол астында «Ювентус» жалпы 13 матч өткізді. Осы кезеңде туриндіктер тек бір рет—қонақта «Наполиге» қарсы ойында—жеңілді, төрт кездесуді тең аяқтап, сегіз рет жеңіске жетті.
«Ювентустың» келесі ойыны 6 қаңтар күні «Сассуолоға» қарсы өтеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз