date

Алонсо Винисиусқа сенеді, «Бернабеу» қайтадан қол соғады

Алонсо Винисиусқа сенеді, «Бернабеу» қайтадан қол соғады

Мадридтің «Реал» клубының бас бапкері Хаби Алонсо Ла Лиганың 19-туры аясында «Бетиске» қарсы матчта жанкүйерлердің бір бөлігі ысқырған Винисиус Жуниорды қолдады. Бұл туралы euro-football.ru хабарладыхабарлайды.

Испаниялық маман бразилиялық вингердің команда үшін аса маңызды екенін атап өтіп, трибуналардағы көңіл күй уақыт өте өзгеретініне сенім білдірді.

«Менің ойымша, Винисиус командаға өте үлкен үлес қосты. Ол соңына дейін күресті, әсіресе бірінші таймдағы ойыны маған ұнады. Винисиус „Реал“ үшін әрдайым іргелі маңызы бар ойыншы болды және солай болып қала береді. „Сантьяго Бернабеу“ оны әлі қайтадан қол соғып қарсы алатынына сенімдімін», — деді Алонсо.

Еске салайық, 4 қаңтар күні «Реал» «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңді, алайда Винисиус бұл ойында гол немесе ассистпен көзге түскен жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Алонсо Винисиусқа сенеді, «Бернабеу» қайтадан қол соғады