Хаби Алонсо Ла Лигада «Барселонамен» жарыс туралы айтты

Мадридтің «Реал» командасының бас бапкері Хаби Алонсо Ла Лигадағы чемпиондық жарыс және «Барселонамен» бәсеке туралы пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарбереді.
Жексенбі күні «қаймақтылар» «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, турнир кестесінде «Барселонадан» қалып тұрған айырманы қайтадан 4 ұпайға дейін қысқартты. Бір күн бұрын каталондықтар «Эспаньолды» 2:0 есебімен жеңген еді.
«Кеше “Барселона” жеңіске жетті, ал бізге әлі көп ойында жеңу керек. Қазір бізде 45 ұпай бар, мақсатымыз — 90 ұпайға жету. Алдағы кездесулерге қарасақ, өте тартысты күрес болатыны көрініп тұр», — деді Алонсо баспасөз мәслихатында.
8 қаңтар күні «Реал» Испания Суперкубогының екінші жартылай финалында «Атлетикоға» қарсы ойнайды. Алғашқы финалист 7 қаңтар күні «Барселона» — «Атлетик» (Бильбао) матчында анықталады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!