Гвардиола маусым соңында «Манчестер Ситиден» кетеді

Хосеп Гвардиола ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін «Манчестер Сити» бас бапкері қызметінен кетеді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Topskills Sport UK мәліметінше, клуб пен испаниялық маман ынтымақтастықты маусым соңында аяқтау жөнінде өзара келісімге келген. Оның орнына негізгі үміткер ретінде 1 қаңтар күні «Челсиден» босатылған Энцо Мареска қарастырылып отыр.
Италиялық бапкер «Манчестер Сити» философиясын жақсы біледі: ол бұрын «қалалықтардың» жастар командасында жұмыс істеген, кейін Гвардиоланың көмекшісі болған. Әзірге клуб Марескамен ресми келіссөздерді бастамағаны айтылады, алайда ол Гвардиоланың ықтимал мұрагері ретінде ең басты нұсқа болып тұр.

















Пікірлер 0
…