date

«Бавария» Мусиаланың қаңтарда алаңға оралуын күтуде

«Бавария» Мусиаланың қаңтарда алаңға оралуын күтуде

Мюнхеннің «Бавария» клубының спорт директоры Кристоф Фройнд жартылай қорғаушы Джамал Мусиаланың қалпына келу үдерісі туралы айтты. Оның сөзінше, футболшы ауыр жарақаттан кейін физикалық жағдайын қалпына келтіріп, командамен жаттығуларға қайта оралған. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Фройндтың айтуынша, Мусиала енді біртіндеп ойын тәжірибесін де ала бастайды. Клуб өкілі қаңтар айында футболшының алаңға оралуы «өте шынайы» екенін атап өтті: Мусиалаға тек ойын ырғағын және бабын қайта жинап алу қажет. Сондай-ақ ол футболшының командамен күнделікті жұмыстарға, киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфераға қайта оралу үшін үлкен ықыласпен еңбек етіп жатқанын және көңіл күйі позитив екенін айтты.

Еске салайық, 2025 жылғы шілдеде Мусиала клубтар арасындағы әлем чемпионаты матчында сол кезде «ПСЖ» қақпашысы болған Джанлуиджи Доннаруммамен соқтығысқаннан кейін кіші жіліншік сүйегінің сынуы және тобықтың шығуы жарақатын алған еді. Жартылай қорғаушыға ота жасалды және содан бері ресми ойындарда алаңға шыққан жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Бавария» Мусиаланың қаңтарда алаңға оралуын күтуде