«Барселона» қақпашысы Гарсия 2026 жылғы ӘЧ-ті мақсат етпейтінін айтты

«Барселона» қақпашысы Жоан Гарсия 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Испания құрамасына шақырылу ықтималдығы туралы пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
24 жастағы футболшы әзірге ұлттық құрама сапында алаңға шықпаған. Соған қарамастан, кейбір мамандар оны Испания қақпасына негізгі үміткер, яғни «бірінші нөмір» болуға лайық деп санайды. Баспасөз мәслихатында журналистер Гарсиядан 2026 жылғы мундиальда ойнау ниеті бар-жоғын сұрады.
«Бұл менің мақсатым емес. Менің мақсатым — «Барселона» сапында әр ойында одан әрі жақсара түсу. Әрине, бәрі құрамада ойнағысы келеді, егер солай болса, мен қуанышты боламын», — деді Гарсия.
Еске салайық, «Барселона» Жоанды осы маусым басталар алдында «Эспаньолдан» сатып алған еді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз