Гари О’Нил «Страсбургтың» бас бапкері болуға келісті

Бұған дейін «Борнмут» пен «Вулверхэмптонда» жұмыс істеген ағылшын маманы Гари О’Нил мансабын Франция чемпионатында жалғастыруға жақын. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
BBC Sport журналистерінің мәліметінше, 42 жастағы бапкер «Страсбургты» басқаруға келісім берді. Ол команданы Лондонның «Челси» клубына жұмысқа ауысқан Лиам Розеньордан қабылдап алады.
Францияның Лига 1 турнирінің 17-турынан кейін «Страсбург» 24 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орында тұр. Команда чемпионаттағы келесі ойынын өз алаңында «Мецке» қарсы өткізеді. Ойын жексенбі, 18 қаңтар күні өтеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз