date

Алонсо Мбаппенің «Барселонаға» қарсы ойнайтынын айтты

Алонсо Мбаппенің «Барселонаға» қарсы ойнайтынын айтты

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақатынан айығып, «эль класико» алдында сапқа қайта оралды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Франциялық футболшы Испания Суперкубогының жартылай финалында «қаймақтылар» «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңген ойынды өткізіп алған еді. Дербиден кейін бас бапкер Хаби Алонсо жұлдызды форвард жақын уақытта команданың қарамағына қайта оралатынын мәлімдеді.

«Мбаппе ертең ұшып келеді. Өзін жақсы сезініп тұр және «Барселонаға» қарсы ойнай алады», — деді Алонсо баспасөз мәслихатында.

Испания Суперкубогының финалы жексенбі күні, 11 қаңтарда өтеді. Еске салайық, турнир матчтары Сауд Арабиясында ұйымдастырылып жатыр.

Килиан Мбаппе тізе жарақатына байланысты «Реалдың» қатарынан екі ойынында алаңға шыға алмаған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Алонсо Мбаппенің «Барселонаға» қарсы ойнайтынын айтты