date

Рио Фердинанд Винисиусқа қысымды ұмытып, ойынына қайта оралуды кеңес берді

Рио Фердинанд Винисиусқа қысымды ұмытып, ойынына қайта оралуды кеңес берді

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қорғаушысы Рио Фердинанд Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Винисиус Жуниорды қолдап, оған үн қатты. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.

Бразилиялық футболшы қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр: ол қатарынан 19 матч бойы гол соға алмай келеді, ал трибуналар жиі ысқырықпен жауап беруде. Осы жағдай аясында ойыншының келесі жазда «корольдік клубтан» кетуі мүмкін деген әңгімелер де толастар емес.

«Вини, бауырым. Әңгіме-сыбырды ұмыт, інім, ақыр соңында сенің шеберлігің бәрібір өз сөзін айтады», — деп Фердинандтың сөзін Madrid Universal келтірді.

Винисиустың «Реалмен» келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жасалған. Ағымдағы маусымда 25 жастағы футболшы «қаймақтылар» сапында 26 ойында 5 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Рио Фердинанд Винисиусқа қысымды ұмытып, ойынына қайта оралуды кеңес берді