«Рома» шабуылшысы Довбик жарақат салдарынан екі айға қатардан шығуы мүмкін

Италияның А сериясында «Леччеге» қарсы матчта жарақат алған «Романың» орталық шабуылшысы Артём Довбик ұзақ уақыт алаңға шыға алмауы мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Инсайдер Маттео Моретто әлеуметтік желілерде жариялаған мәліметке сәйкес, украиналық форвардтың қалпына келу мерзімі шамамен екі айға созылады. Бұған дейін римдіктер қаңтарда Довбикті сату нұсқасын қарастырып жатқаны туралы хабарлар тараған еді, алайда жарақат бұл үдерісті едәуір қиындатуы мүмкін.
А сериясының биылғы маусымында Довбик 13 ойында алаңға шығып, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз