date

Канселудың «Барселонаға» ауысуы уақытша кейінге қалдырылды

Канселудың «Барселонаға» ауысуы уақытша кейінге қалдырылды

Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубында доп тебетін оң қаптал қорғаушысы Жоау Канселу жақын күндері «Барселона» сапына қосылады деп күтілуде. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Тараптар португалиялық футболшыны маусым соңына дейін жалға алу жөнінде келісімге келген. 31 жастағы ойыншы жұма күні медициналық тексеруден өтіп, «көк-анар түстілер» сапында ресми түрде жариялануы тиіс еді, алайда клуб бұл жаңалықты әзірге кейінге қалдырды. Mundo Deportivo мәліметінше, «Барселона» жексенбі күні Испания Суперкубогының финалында «Реалға» қарсы ойын алдында барлық назарды «эль класикоға» аударғысы келеді. Сондықтан Канселудың медициналық тексеруі дүйсенбіге, ал таныстырылымы сейсенбіге жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Канселудың «Барселонаға» ауысуы уақытша кейінге қалдырылды