date

«Ливерпуль» «Вулверхэмптон» шабуылшысын сапына қоспақ

«Ливерпуль» «Вулверхэмптон» шабуылшысын сапына қоспақ

«Вулверхэмптон» шабуылшысы Матеус Мане «Ливерпульге» ауысуы мүмкін. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады деп жазады.

TEAMtalk журналисі Дин Джонстың мәліметінше, 18 жастағы форвард «қызылдардың» назарына іліккен. Англияның қазіргі чемпионы жас футболшыны жіті бақылап отыр. Сондай-ақ «Ливерпуль» құрамындағы бірнеше ойыншының Манеімен бір агентке ие болуы келісімді жеңілдетуі мүмкін.

Матеус Мане 2024 жылдан бері «Вулверхэмптон» сапында өнер көрсетеді. Оның келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Шабуылшы «қасқырлар» құрамында барлық турнирлерде жалпы 12 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Ливерпуль» «Вулверхэмптон» шабуылшысын сапына қоспақ