Флетчер Шешконың ойынына тәнті болды

«Манчестер Юнайтед» клубының уақытша бас бапкері Даррен Флетчер шабуылшы Беньямин Шешко туралы пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .
Шотландиялық маманның жетекшілігіндегі алғашқы ойында 22 жастағы форвард ұзаққа созылған гол соға алмау сериясын тоқтатып, дубль жасады. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
«Шешко өте көп еңбек етті. Ол ісіне байыппен қарайды, жаттығуда өте жақсы жұмыс істейді және ойынын мұқият талдайды. Ол үшін гол соғу өте маңызды еді. Ал мен үшін бұл менің бапкерлікке келген уақытыма дәл келуі сәттілік болды. Оның атынан қуаныштымын», — деді Флетчер баспасөз мәслихатында.
Беньямин Шешко маусым басында «РБ Лейпцигтен» «Манчестер Юнайтедке» 75 миллион еуроға ауысты.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз