date

Флик бапкерлік мансабындағы 9 финалдың бәрінде жеңіске жетті

Флик бапкерлік мансабындағы 9 финалдың бәрінде жеңіске жетті

«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик финалдарға команданы мінсіз дайындай алатын қабілеті үшін тағы да жоғары бағаланды. Жексенбі күні «көк-анар түстілер» Испания Суперкубогының финалында «Реалға» қарсы ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы euro-football.ru хабарлады. хабар береді.

Бұл матч Фликтің бапкерлік мансабындағы 9-финал болды. Ең қызығы, ол қатысқан барлық финалдарда Флик басқарған командалар қарсыласынан басым түсіп, жүлдені жеңіп алған.

Мәліметке сәйкес, Флик «Барселонамен» Ла Лига чемпиондығын, Испания Кубогын және Испания Суперкубогын екі рет жеңіп үлгерді.

Алайда тойлауға уақыт аз: 15 қаңтар күні «Барселона» Испания Кубогының 1/8 финалында «Расингке» қарсы алаңға шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Флик бапкерлік мансабындағы 9 финалдың бәрінде жеңіске жетті