date

Эбуэ Дьёкерештің «Арсеналда» неге толық ашылмай жүргенін түсіндірді

Эбуэ Дьёкерештің «Арсеналда» неге толық ашылмай жүргенін түсіндірді

Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы футболшысы Эммануэль Эбуэ шабуылшы Виктор Дьёкерештің команда сапындағы ойынына пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Швециялық форвард Англияға көшіп келгеннен кейінгі алғашқы маусымында «зеңбірекшілер» құрамында әлі толық ашыла алмай жүр. Эбуэнің пікірінше, мәселе тек шабуылшының өзінде емес.

«Мен Дьёкерешті Португалияда ойнаған кезінде көп бақыладым — ол өте мықты шабуылшы. Физикалық тұрғыдан күшті. Бірақ мәселе мынада: «Арсеналдың» қанаттағы ойыншылары оған жеткілікті пас бермейді. Олардың бәрі гол соққысы келеді, ал Виктор — орталық шабуылшы. Гол соғу — оның міндеті», — деді Эбуэ.

Піл Сүйегі жағалауының футболшысы Тьерри Анридің командаластарға жиі еске салып отыратын сөздерін де айтты: «Анри маған, Клишиге, Эшли Коулға және басқаларға оның шабуылшы екенін, сондықтан голдарға мұқтаж екенін үнемі айтатын. “Түсінемін, сендер де гол соққыларың келеді, бірақ сендердің жұмыстарың — мүмкіндік жасау”, дейтін», — деп Эбуэнің сөзін Arsenal News Channel келтіреді.

Дьёкереш «Арсенал» сапында 27 ойында 9 гол соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Эбуэ Дьёкерештің «Арсеналда» неге толық ашылмай жүргенін түсіндірді