date

UFC 327 турнирі: Прохазканы нокаутпен жеңген Ульберг жаңа чемпион болды

UFC 327 турнирі: Прохазканы нокаутпен жеңген Ульберг жаңа чемпион болды

АҚШ-тың Майами қаласында өткен “UFC 327” турнирі өз мәресіне жетті. Кештің басты жекпе-жегінде чехиялық файтер Иржи Прохазка мен Жаңа Зеландия өкілі Карлос Ульберг жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін октагонға шықты. Ульберг бірінші раундта нокаут жасап, жаңа чемпион атанды.

Прелим кард нәтижелері

Кештің алғашқы жекпе-жектерінде бірнеше қызықты қарсыласулар тіркелді. Чарльз Радтке Франсиско Прадоны 30–27 есебімен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Висенте Люке Келвин Гастелумды бірінші раундта сабмишн арқылы жеңді.

Крис Падилья Марк-Анре Барриоға қарсы жекпе-жекте ұпай бойынша жеңіске жетті. Татьяна Суарес екінші раундта Лупи Годинесті тұншықтыру әдісімен жеңді. Матеуш Гамрот та екінші раундта Эстебан Рибовичті сабмишн арқылы жеңді.

Кевин Холланд Рэнди Браунды төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты. Кештің тағы бір күтпеген нәтижесі — Аарон Пиконың Патрисио Питбулды ұпай бойынша жеңуі болды.

Негізгі кард нәтижелері

Негізгі жекпе-жектерде де жоғары қарқын байқалды. Каб Суонсон Нэйт Ландверді бірінші раундта нокаутпен жеңді. Доминик Рейес Джонни Уокерді төрешілер шешімімен жеңді.

Джош Хокит Кёртис Блэйдсқа қарсы жекпе-жекте бірауызды шешіммен жеңіске жетті. Пауло Коста Азамат Мұрзағановты үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Кештің басты жекпе-жегінде Карлос Ульберг Иржи Прохазканы бірінші раундта нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақтың жаңа чемпионы атанды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » UFC 327 турнирі: Прохазканы нокаутпен жеңген Ульберг жаңа чемпион болды