date

Исаак «Ливерпуль» сапында «Энфилд»тегі дебют голын соқты

Исак «Ливерпуль» сапында «Энфилд»тегі дебют голын соқты

«Ливерпуль» шабуылшысы Александр Исак «Кристал Пэласқа» қарсы кездесуде (3:1) мерсисайдтықтар сапындағы алғашқы голын соққаннан кейін өзінің спорттық бабын қалпына келтіріп жатқанын мәлімдеді. Швед футболшысы өткен жылдың тамыз айында «Ньюкаслдан» 125 миллион фунт стерлингке ауысып келген еді.

Бұл туралы Goal.com хабар береді.

26 жастағы форвардтың Англия рекордын жаңартқан трансферінен кейінгі ойыны жарақаттарға байланысты сәл қиын болды. Желтоқсан айында аяғынан алған ауыр жарақаты мен одан кейінгі хирургиялық ота салдарынан ол ұзақ уақыт алаңға шыға алмады.


Алексис Мак Аллистер жеткізген допты қақпа торына бағыттаған Исак бұл гол өзіне бетбұрыс сәті болады деп үміттенеді. Футболшы физикалық және психологиялық қиындықтарды еңсеріп, толық спорттық бабына қайта оралып жатқанын атап өтті.

Команда бапкері Арне Слот ойын алдында Исак әлі өз ең жоғары деңгейінде емес екенін айтқан еді. Алайда шабуылшының голы «Ливерпульге» маңызды үш ұпай сыйлап, команданы турнир кестесінде төртінші орынға көтерді.

Кездесуде мерсисайдтықтардың қақпасын үшінші нөмірлі қақпашы Фредди Вудман қорғады. Алиссон мен Мамардашвилидің жарақат алуына байланысты дебют жасаған қақпашының сейвтері мен Флориан Вирцтің соңғы минуттардағы голы «Ливерпульдің» жеңісін нығайтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Исаак «Ливерпуль» сапында «Энфилд»тегі дебют голын соқты