«Ювентус» Алиссон мен Силва трансферіне дайындалып жатыр

«Ювентус» клубы жазғы трансферлік терезе үшін ауқымды жоспарлар белгіледі. Клуб басшысы Дамьен Комолли мен бас бапкер Лучано Спаллетти құрамды түбегейлі жаңарту және Скудетто үшін күреске қайта оралу мақсатында тәжірибелі футболшыларды тартуды көздеп отыр.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Туриндіктердің назарында «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер мен «Ман Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва тұр. Әсіресе, Силва маусым айында еркін агентке айналатындықтан, клуб үшін ең тартымды мақсаттардың бірі болып қала береді.

Сондай-ақ, жартылай қорғанысты күшейту үшін «Марсель» мүшесі Пьер-Эмиль Хёйбьергтің кандидатурасы да қарастырылуда.
Клуб басшылығы жас және тәжірибесіз ойыншылармен тәуекелге барғаннан көрі, өзін көрсете білген жұлдыздарға сенім артқанды жөн көреді. Шабуыл шебіндегі жоспарлар болса Душан Влаховичтің келісімшартының ұзартылуына және Рандаль Коло Муани сияқты футболшылардың болашағына байланысты болады.

Дамьен Комолли команданың іргетасы дайын екенін және ендігі кезеңде Туриндегі қысымға төтеп бере алатын тұлғалар қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген футболшылар клубтың келесі маусымда қай еурокубокта бақ сынайтынына қарамастан, «Ювентус» жейдесін киюге дайын.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!